Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Блог - Daniar-Alan: Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Алдымен қысқаша тарихына тоқталып өтсек. Пати осыдан дәл бір жыл бұрын 2012-нің жазында Астанада аралас-құралас жүретін жақын достардың кездесуінен бастау алды. Алғашында kerekinfo.kz блогтұғырына баннерлер іліп, оны әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, таныстарымызды, достарымызды шақырып өткізіп жүрдік. Ол кезде қазіргідей нөпір халық емес, қызығушылар аз-тын. Қыдырыстап жүрген адамдардың көбісі аз-кем аялдап, тек ара-арасындағылар ғана аяғына дейін тыңдап кететін. Күн жаңбырлы болса да өткізуге тырысатынбыз. Негізгі тыңдаушылар сол kerekinfo.kz сайтының қолданушылары болса, негізгі орындаушылары да сол керектіктер-тін. 2-3 сағаттап дауыстары қарлыққанша ән айтатын Нұрғиса Асылбек, Алдан Жылгелді, Алмас Алтайдың бұл шараға сіңген еңбегі ұшан теңіз. Жүргізуші Маралбек Сағынғановтың еңбегі де кем соқпайды олардан.
Әрі қарай

Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес.

Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.
Әрі қарай

Алматыдағы оныншы Party

Дұрыс санаған шығармын деп ойлап отырмын.
Кеше Алматыда оныншы патиімізді өткіздік.

Фэйсбукта актер Асқар Наймантаев «келесі патиге әнші домбырашы шәкірттерімді шақырдым» деп жазып еді, шынымен, керемет әнші жігіттер келді.
Әрі қарай

Домбыраға қызығушылығым қалай басталды

Кешегі, Ақтаудағы домбыра патиден керемет әсер алдым. Шыны керек осыған дейін домбыраны тек үйде ғана ойнап келгем. Халық алдына шығуым алғаш рет болды, қобалжу да қорқыныш та болды. Ел алдына сөйлеп жүрген мен жиналыстарды басқарған мүлде басқа екен.
Қолыма домбыраны алғаш рет сонау 90 жылдардың басында алғам. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезіміз еді. Сынып жетекшіміз — Арыстанғалиева Тыныштық өнер сүйетін, ақын адам болатын. Осы кісі баулыған болса керек. Жанұямызда өнер адамы жоқ болатын.
Әрі қарай

Каспий жағасындағы алғашқы party, Домбыра party 23.05.2013ж

«Домбыра Party» деген бір өзі керемет бастама сияқты ғой! Анау Алматының жастары әр бейсенбі сайын кешкі жетіде Арбат деген жерде жиналып, домбыра тартады екен. Біздің Ақтауда теңіз жағасында осылай жасауға мүмкіндік бар ма?!
деп Маңғыстау фейсбукшыларының тобына Уайс Ерсайынұлы ағамыз екі үш күн бұрын тақырып қозғаған еді. Содан осы бейсенбі өткізейік деп келісіп, бәріміз ұйымшылдықпен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында кешкі саған сегізде алғашқы Домбыра party-імізіді өткізіп жібердік.
Мүмкін басқа домбыра патиларға қатыспағандығымнан шығар, бірақ бұл домбыра пати меніңше керемет өткен сияқты. Енді әр бейсенбі, сағат 20:00-де, теңіз жағасында, Астана ойын сауық кешеніне қарсы аялдам жанында жиналатын болып келістік.
Суреттері міні.


Әрі қарай

Домбыра Party Астана 2013. Беташар

Биылғы кештердің шымылдығын түрдік. Өзіміз бас болған істі өңірлер әлдеқашан дөңгелетіп алып кетті. Әсіресе Алматы, Атырау, Жаңаөзеннің арыны қатты. Апта сайын дүрілдетіп жатыр. Бізге Арқаның адуынды мінезіне шыдауға тура келді. Мамырдың ортасынан асқанда Астана да жылыды-ау әйтеуір. Соның өзінде, кешегі Party-дің соңына қарай жағымыз үрпиісіп, тоңа бастадық.

Кешегі кездесу өнерпаздардың көптігімен ерекшеленді. Ең басты қонағымыз Жанғали Жүзбаев ағамыз. Аза таныстыруын келістіріп-ақ жазды ғой. Алғашқы адым сол кісінікі деп шештік. Ағай Тәттімбеттің «Саржайлауын», Сүгірдің «Шалқымасын» орындап берді. Ақсақалмен бірге «Шабыт» университетінен жас домбырашылар ере келген екен. Олар да төкпе күйдің шырайын келтірді. Әрине әттең-ай бар осы тұста. Алқа-қотан иірілген жұрт күйдің дауысын қалағандай ести алмаған сияқты. Сондықтан, келесіде, күйшілерге кішкене колонкалар қою жағын ойластырып көру керек.

Тағы бір өкінішіміз, өткен жылғы Party-лердің жұлдыздары болмады. Нұрғиса іссапарда, Аза Хабарға хабар тасып жүр. Шенеунік Алдан да кешігіп келді. Жазғыра алмаймыз. Жұмыстың аты жұмыс.

Дегенмен, суырылып шығып (кейбірін мәжбүрледік шыны керек) шырқағандар көп болды. Осыған қуандық. Келесіде ән айтам деушілер бұдан да көп болатынына сеніп тарқастық.

Иә, айтпақшы, кеше Астанамен қатар Алматы, Қызылорда, Атырау, Жаңаөзенде де Party өтті, менің білуімше. Енді бір-екі аптадан соң барлық өңір бірігіп, бір мезетте өткізетін боламыз. Кең даланың барлық ірі қаласында домбыра үнін әуелетіп, бір әнді бірігіп шырқаймыз. Әне флешмоб! Қайда әлгі Гиннес?
Әрі қарай

Домбыра Пати Жаңаөзенде екінші рет

Ассалаумағалейкүм, ағайын!09.05.2013 ж. Жаңаөзен қаласында 2 – ші рет Домбыра Пати өтті. Жеңіс күнімен қатар келгендіктен, Жеңіс күні туралы Джалғасов Нұрболат бауырымыз бір ауыз айтып өткен болатын. Екінші рет өткізіліп отырған Домбыра Патиіміз әдеттегідей «Жалын» жастар орталығының алдында өтті. Біраз жамағатта жиналды, өткендегіге қарағанда. Тәтті күймен, әсем ән тыңдап демаалып қайтты. ИншАллаһ Жаңаөзендіктер Домбыра Патиді дәстүрге айналдыратын болады.
Басталар сәттен көрініс
Басталар сәттен көрініс.





Мына кішкентай қызда Домбыра Патиімізге өз үлесін қосуға келіпті. Күй тартып, ән айтып берді. Есімі Мөлдір екен. Риза боп қалдым. Осы қыздың келгені мені қуантып тастады. Алла ғұмыр жасын ұзақ қылсын. Бақыт тілеймін.

Жолымов Әбубәкір бауырымыз әдеттегідей ән салып жатырған кез.

ЖАҢАӨЗЕН. Домбыра Пати. 09.05.2013 жыл.
Балтабаев Серік блог sbaltabai.yvision.kz/
www.youtube.com/channel/UCTOI-9TgefWMAoOKbcUUBeA/videos
Әрі қарай